Көпшіліктің бас қайғысына айналған мәселе! Енді Қазақстанда онлайн несие оңайлықпен берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электронды түрде рәсімдеу қағидаларына қатысты түзетулер әзірледі. Онда биометриялық сәйкестендіруден өткен азаматтарға ғана қарыз ұсыну көзделген. Бұл жаңашылдық клиенттің деректерін бұрмалау үшін статикалық кескінді немесе бейне жазбаны пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, ұсынылып отырған шаралар қауіпсіздік талаптарын айтарлықтай күшейтеді. Жоба қоғамдық талқылау үшін 2024 жылдың 8 сәуіріне дейін Ашық заңды тұлғалар порталында орналастырылған.
Байболат Құлтанов