СҚО әкімдігі

Облыс әкімі Жамбыл ауданында болды

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Мұнда өңір басшысы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралап, жұмысын көрді. Владимир Лагода 19 жылдан бері жиһаз өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда оның кәсіпорнында 6 адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы – 150 мың теңге.

ВЛАДИМИР ЛАГОДА, «ЛАГОДА В.П.» ЖК директоры, Жамбыл ауданы:

– Негізінен, біздің өнімді Жамбыл ауданының тұрғындары алады. Қостанай облысынан да келіп әкетіп жатады. Облыс орталығы тұрғындарынан да тапсырыс бар. Жиһазды жеткізіп береміз.

Ұлыстың ұлы күніне орай Пресновка ауылында “Жас қыран” дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысан жыл басында пайдалануға берілді.

СТАНИСЛАВ ПОЛЕВНИЧИЙ, Жамбыл аудандық БЖСМ директоры:

– Қазіргі таңда біздің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 486 оқушы тәрбиеленіп жатыр. Жалпы, жас ерекшеліктері 6 жастан 18 жасқа дейін. Олар біздің орталықта спорттың 10 түрі бойынша жаттығады. Атап айтсақ, қазақ күресі, еркін, грек-рим және ауыр атлетика, баскетбол, волейбол.

Кешенде асық ату, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және қазақ күресінен ашық турнирлер өткізілді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қасиетті Рамазан айымен қатар келіп жатыр. Енді ораза ұстайтын, залдағы үлкен кісілер, мұсылмандарымыз біледі. Оразаларыңыз қабыл болсын. Өзіңіздің ауылыңызда Жамбыл ауданында осындай спорт кешені ашылып жатыр. Осы керемет күнмен сіздерді, баршаларыңызды құттықтаймын!

Сондай-ақ, Ғауез Нұрмұхамбетов “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының өкілдері 250 млн теңгеге жаңғырту жұмыстарын жүргізген Қожаберген жырау атындағы ауылдық мектепте де болды. Мұнда оқу кабинеттері жаңартылып, заманауи білім беру сапасына сәйкес жабдықталған. Жаңадан сатып алынған құралдардар қатарында интерактивті тақта, онлайн сабақтар мен шеберлік сағаттарды жазуға арналған телестудия да бар. Алайда, бір айта кететіні мектептің төбесінен су ағып тұр.

Мектептің төбесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңадан шатыр орнатамыз.

Соңғы нысан Жамбыл аудандық аурухана емханасында болды, нысанға 93 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.

ЕРКЕГҮЛ СҮЙІНДІКОВА, Жамбыл аудандық аурухана емханасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы:

– Желдеткіш шахтасы толығымен ауыстырылды. Барлық кабинеттер жөнделді, есік, терезелер ауыстырылды. Бүгінде емхана 150 адамды қабылдауға қауқарлы. Бірінші қабатта тұрғындарды хирург пен стоматолог қабылдайды. Сондай-ақ, емханаға 2 стоматологиялық қондырғы сатып алынған. Ал екінші қабатта акушер-гинеколог жұмыс істейді.

Бүгінде емханада барлығы 25 дәрігер мен 124 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Өткен жылы 91 млн теңгеге қажетті құрал-жабдық сатып алынған. Ал аудандық бюджет қаражатына Святодуховка ауылындағы медициналық пункт салынды.

Сонымен қатар, емханада телемедицинаға арналған құрылғы да орнатылған, оның көмегімен дәрігерлер науқастарға онлайн кеңес бере алады.

 

“Қызылжар” телеарнасы