Таңертеңнен бері қаламыздың түкпір-түкпірінде шуақты Наурыз мерекесі тойланып жатыр. City mall ойын-сауық орталығына да халық көптеп жиналды. Мұнда облыстық Ақан сері атындағы филармонияның әртістері өнерлерін ортаға салып, жұртшылыққа ерекше көңіл-күй сыйлады.
ҚЫМБАТ ОСПАНОВА, облыстық Ақан сері атындағы филармония директорының орынбасары:
– Бүгін міне мерекеге орай облыстық филармонияның әртістері халыққа көңіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама әкеліп отырмыз. Көктемнің шуақты Наурыз мейрамын халық сезсін деген мақсатта. Барша ел жұртын мерекемен құттықтаймын.
София Гришко – “Мәңгілік” би ансамбінің мүшесі. Мың бұралған қыздар бүгін теріскейлік тұрғындарға ерекше би қойылымын тарту етті.
СОФИЯ ГРИШКО, “Мәңгілік” би ансамблінің бишісі:
– Біздің ұжым өте ұйымшыл. Қоржынымызда би қойылымдары жетерлік. Осындай мереке күндері халықты қуанту үшін би билейміз. Осы орайда барлығын Наурыз мерекесімен құттықтағым келіп тұр. Бақыт, денсаулық пен шаттық тілеймін.
Жаңару мен жылудың символы болып саналатын ұлттық мерекемізге орай бұл жерде халыққа 20 шақты шығарма тарту етілді. Жиналғандардың дені – егде тартқан жандар. Олар ризашылықтарын білдіріп, мейраммен құттықтады.
– Барлығын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, байлық тілеймін. Құлпырып, жайнап жүре беріңіздер.
– Мерекелеріңізбен! Концерт жақсы өтуде. Ұнап жатыр.
– Барлығына мереке құтты болсын. Ең бастысы – денсаулық. Еліміздегі бейбітшілік жалғаса берсін.
Ақжүніс Мұқатай