Қоғам

Колледжде Наурыз мерекесі тойланды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Гуманитарлық-техникалық колледжінде тойланып жатыр. Мұнда қазақтың ұлттық ойындары мен мерекелік концерт ұйымдастырылған, берекелі дастархан жайылды. Наурызды Наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сол себепті, мерекеде басты тағам да бар. Бұлардың барлығын білім ордасының мұғалімдері мен студенттері дайындаған.

ОРЫНБАСАР ЖОЛАШҚАНОВА, Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы:

– 1-ші курстан 4-ші курсқа дейінгі студенттеріміз және мұғалімдеріміз қатысып жатыр. Екі апта бойы түрлі шара ұйымдастырып жүрміз. Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!

 

Гүлден Сембаева