Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Өзбекстанмен екі ел тұтынатын судың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік беретін есептегіштерді орнату туралы келісті

Бұл ретте Қазақстан Өзбекстан аумағында, ал өзбек жағы ҚР аумағында есептегіштер орнатады. Сондай-ақ тараптар онлайн-режимде ақпарат алмасатын болады. Қол жеткізілген уағдаластық географиялық тұрғыдан өзендердің бастауларына қол жетімділігі аз Қазақстанның мүддесі үшін маңызды екенін атап өтеміз.

Қазір екі елдің сарапшылары суды есепке алу үшін есептегіштер қай жерде орнатылатынын шешуде. Сондай-ақ оларды осы жобаға тарту үшін халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде.

“Есептегіштерді орнату екі ел тұтынатын су көлемін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Сәуір айында біз басқа көршілерімізбен осындай жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз”, – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.