Қоғам

Ардагерлер өндіріс орындарын аралады

Наурызнама онкүндігі аясында қаланың бір топ ақсақалы мен зиялы қауым өкілдері өндіріс ошақтарын аралады. Өңір басшылығының мұрындық болуымен өткізілген шараның мақсаты – ардагерлерді облыстың экономикалық әлеуетімен таныстырып, үлкендерден бата алу. Алдымен жиналғандар «Береке» ықшам ауданындағы 300 орынға шақталған коррекциялық мектеп-интернатының, тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы зауытының құрылысымен танысты. Кейін құрғақ құрылыс материалдарын шығаратын «Mix Universal» ЖШС-і, облыстағы ең ірі жылыжай кешені мен мен Петропавл трактор зауытына барды. Өңір ардагерлері жасалып жатқан жұмысқа оң бағасын берді.