Теріскейлік 30 тепсе темір үзер Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бүгін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мамандары Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының алдында салтанатты шығарып салу шарасын ұйымдастырды. Жиынға жыл 12 ай темірдей тәртіпке бой үйретіп, шынығатын бозбалалардың туған-туыс, дос-жарандары қатысты. Бүгін кешке мына азаматтар Қонаев қаласындағы 26363 десанттық-шабуылдар бригадасының әскери бөліміне аттанбақ. Туған жерлерінен жыраққа кетіп бара жатқан жігіттерге рухты ән шырқалып, жалынды сөздер мен тілектер де жолданды.
АЙМАН АБЖАПБАРОВА, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызмет бастығы:
– Шараны салтанатты түрде өткізіп жатырмыз. Себебі, жас жігіттер осы әсерлі сәтті көріп, қызуғышылық тудыру үшін. Осы жылы 480-нен астам жасты әскерге шақырту жоспарланған. Бүгінгі алғашқы команда қарулы күштеріне 30 жас кетіп бара жатыр.
Ақжүніс Мұқатай