Қысы қарлы Солтүстік Қазақстанда көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары – басты мәселелердің бірі. Әсіресе, күн жылынып, қар еріген сәтте су басу қаупі артады. Мәселенің алдын алу үшін Қызылжар ауданында су басу қаупі бар 15 елді мекен бақылауға алынған. Су тасқыны аймағында 1962 адам бар.
АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
– Біздің есепте жануарлар да бар. Жануарларды эвакуациялау үшін бізде 2 мыңға жуық бас бар. Бұл – жылқылар, құстар, ірі қара және ұсақ мал, сонымен қатар, аралар. Адамдарды эвакуациялаумен, тамақпен, жануарларды эвакуациялаумен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күні бізде 147 ниет шарты жасалды – бұл тамақтануға, халықты орналастыруға, медициналық препараттарға және жануарларды орналастыруға арналған.
Өңір басшысы Прибрежное елді мекеніндегі орта мектепте орналасқан эвакуациялық пункттің жұмыс барысын тексерді. Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті тұрғындарды құтқару орнын аралап, орталықтағы мамандармен, еріктілермен кездесті.
– Опыт 17-го года у ребят есть?
– Есть-есть.
– Мы участвовали в волонтерском движении, спасали людей, эвакуировали сюда. Все мы знаем, все было организовано хорошо.
Облыс әкімі еріктілер қозғалысының қатысушыларына алғысын білдірді. Ғауез Нұрмұхамбетов төтенше жағдай кезінде олардың рөлі орасан зор екенін атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Қандай да бір төтенше жағдайлар болған кезде еріктілер ТЖ департаментінің қызметкерлерімен, полиция инспекторларымен, әскери қызметкерлермен бірге қолдан келгенше алғашқы көмек көрсетеді деп үміттенеміз. Сондықтан, мен еріктілерге үлкен алғысымды білдіремін.
Кейін өңір басшысы Тепличное елді мекеніне барып су сорғыш техникалардың дайындығын тексерді. Инертті материалдарды қаптарға дайындау барысы мен құралдардың дайындығын бақылады. Су тасқынының алдын алу үшін биыл ауданда қуаты 60-тан 350 текше метрге дейінгі 4 жаңа мотопомпа сатып алынған.
САҚТАҒАН СӘДУАҚАСОВ, Қызылжар ауданының әкімі:
– Бізде 13 эвакуациялық пункт дайындалды, инертті материал – шамамен 3,7 мың текше метр, 4,5 қаптар қоры дайындалды. Жоспар 6 мыңға дейін жеткізілді, жалпы аудан бойынша бізде 19 бригада бар. Шамамен 57 адамды тартамыз. Осы жұмыстың барлығын ұйымдастыру мақсатында 165 бірлік техника, оған ауыр техника, К-700, әр түрлі модификациядағы автомобильдер, 18 мотопомпа кіреді.
Облыс әкімі су тасқыны қаупін алдын алу мақсатында жергілікті билікке ескерту жасады. Ғауез Нұрмұхамбетов жұмысты күшейту керек дейді.
– Сколько мешкотары было в прошлом году затарено?
– 16 тыс. штук
– А мы сегодня хотим 6 тыс. и на этом обойтись. 16 тыс – я ставлю вам задачу, как минимум. В 17 году сколько заготовили?
– Больше 70 тыс.
– Что такое 6 тыс? Паводок через 10 дней начнется, вы как хотите на 6 тыс. обойтись?
Өңір басшысы су тасқыны кезінде пайдаланылатын техниканы да тексеріп, бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.
– Порядка 10 машин есть в Бесколе
– Потом нужно будет, прошу вас, ревизию сделать по ас машинам, которые, знаете, топливо возят. Такие тоже пригодятся, надо будет на контроле держать.
Облыс орталығында 109 шақырым ашық үлгідегі нөсерлі кәріз желілері бар. Оның 11 шақырымы тазаланбаған. Ал Петропавлда қауіпті аймақта 113 мекен жай бар, олар – негізінен ойпатта орналасқан үйлер.
ЕРБОЛ НӘБИЕВ, тазарту су бұру су тазарту құрылыстары кәсіпорны директорының міндетін атқарушы:
– Су тасқынына дайындық бойынша, экскаваторлар, тиегіштер, тракторлар, камаздар, самосвалдар жұмылдырылды. 36 бірлік арнайы техника алынады. Байқауға тағы 15 бірлік техника қойылды.
Кейін өңір басшысы Қызылжар ауданды әкімдігінде кеңес өткізді. Жиынға Есіл, Мамлют, Жамбыл, М.Жұмабаев ауданының әкімдері және Петропавл қаласының басшысы қатысты. Алдымен “Қазгидромет” филиалының директоры ауа райы болжамына тоқталды.
ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, “Қазгидромет” РМК филиалының директоры:
– Оныншы наурызда облыстың солтүстігіндегі қар жамылғысындағы су қоры 86,141 мм құрайды, бұл 2023 жылдың нормасы мен мәнінен 18-80%-ға және кей жерлерде 2 есеге дейін асады. Мұздату тереңдігі – 48-148 см, бұл былтырғы орташа мәннен 28 см-ге аз. Есіл, Қызылжар ауданы үшін Есіл өзеніндегі су тасқыны үлкен қауіп төндіреді.
Маманның айтуынша, Есіл өзені бойынша Сергеев су қоймасына құятын су қорының көлемі орташа көпжылдық деңгейден 66%-ға жоғары болып отыр. Сәуір айының басында облыстың кіші өзендерінде су деңгейінің көтерілуі басталады деп болжануда. Су тасқынының басталуы ауа райына байланысты. Болжаммен облыс әкімі де бөлісті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Көріп отырғандарыңыздай, наурыз айындағы ауа райы болжамы қанағаттандырмайды. Десе де су тасқынына толық дайындалуымыз керек. Барлық іс-шаралар су тасқынының салдарын азайтуға бағытталып, су тасқынынан сәтті өту үшін шаралар қабылдау қажет. Барлық іс-шараларды күшейтілген режимде жүргізіңіздер.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы аудан әкімдерінің атқарған жұмысына тоқталды. Мамлют ауданының әкіміне жазғы-күзгі кезеңде алдағы су тасқынына дайындық бойынша іс-шараларды өткізбегені үшін ескерту жасалды.
ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД бастығы:
– Мамлют қаласында ұзындығы 1,5 шақырым болатын қорғаныш жер қазуды жаңарту мен нығайту бойынша жұмыстар жүргізілмеген. Бұл өз кезегінде су тасқынының қауіпсіз ағымына әсер етуі мүмкін. Ағымдағы жылы жоғарыда аталған іс-шараны орындау үшін Мамлют ауданының әкімдігімен ақшалай қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, осы учаскедегі тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау қажет. Мен бұған назар аударғым келеді.
Мамлют ауданындағы қар жамылғысының биіктігі 37 см-ді құрап отыр, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10 см-ге жоғары. Су тасқыны аймағында аудан орталығы – Мамлют қаласы орналасқан.
ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, Мамлют ауданының әкімі:
– Қосалқы шаруашылықтарға тексеру жүргізілді, эвакуация жағдайында шаралар қабылдау үшін мал басының саны қайта есептелді. Мамлют қаласындағы қызыл аймақта 13 адам тұрады, бұл үйлерде үй шаруашылығы мен мал жоқ. Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, облыс әкімі Жамбыл ауданы әкімдігінің, облыстық жолаушылар көлігі және автожол басқармасының көктемгі су тасқынына дайындықты тиісінше бақыламағаны, су тасқынында үлкен рөл атқаратын су өткізу құбырларын дұрыс тазаланбағаны үшін ескерту жасады. Ол жауапкершілік аудан басшыларына жүктелетінін атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Егер конкурстар кеш өтсе, сіз кінәлісіз. Сіз заңсыз нәрсе істеп жатырсыз деп айтпаймын. Бірақ, осындай сапасыз тазарту жұмыстары салдарынан жолдар бұзылуы мүмкін. Қар көп, түсініңіз. Мен сізге және әкімдерге ескертемін, трассадағы кез келген құбыр бұзылса, өз жауапкершілігіңізге аласыз. Бізде сіздің сапасыз жасаған жұмыстарыңызды жоюға қаражат жоқ. Сізге 20-шы наурызға дейін тапсырма берілді. Жұмысты шұғыл түрде жүргізіңіз.
Жиын соңында өңір басшысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына күштер мен құралдарды түгендеуді аяқтауды, ауыр техниканы жалға алуға шарттар жасасуды, барлық су өткізгіш құбырлар мен арналарды тазалауды жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ, су тасқыны қаупі бар аймақта алдын ала орналастыра отырып, инертті материалдың қажетті қорын қамтамасыз ету міндетін қойды.