Әскери білімді дамыту, жедел өнер мен тактиканы жетілдіру. Облыс орталығындағы әскери академияда VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға жер-жерден келген әскери жоғары оқу орындарының оқытушылары мен күш құрылымдарының офицерлері қатысты. Мақсат – күрмеулі мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасу.
ТАБЫЛДЫ ИСАЛИЕВ, ҚР ҚМ Құрлық әскерлері әскери интитутының кафедра бастығы, Алматы қаласы:
– Әскери техниканы күшейтіп, жаңарту қажет. Конференция өткен сайын мәселеміздің 100 пайыз болмаса да 40-50 пайызы шешіледі. Біздің әскери бөлімдерімізде, қарулы күштерде, Ұлттық ұлан академиясында автомобильдік техника өте көп. Бұрынғы 5 жылмен салыстырсақ, 90 пайызы жаңартылған.
Конференцияда баяндама оқушылардың бірі – жергілікті әскери академияның тілдер дайындығы кафедрасының бастығы Ақмарал Сәркенқызы. Білікті маманның айтуынша, кез келген Отан қорғаушы ең алдымен ұлтымыздың құндылығын, қадірін түсінсе ғана елін, жерін қорғауға әрқашан дайын болады дейді. Білім ордасының курсанттары
үш тілде білім алады.
АҚМАРАЛ СӘРКЕНҚЫЗЫ, ҚР ҰҰ академиясы тілдер дайындығы кафедрасының бастығы:
– Бүгінгі таңда біздің курсанттарымыз өте көп көркем әдебиет оқиды. «Талапқыл артық білуге, артық білім кітапта» деген Абайдың сөзі – біздің ұстанымымыз. Қыркүйек айынан бастап жігіттеріміз 65 көркем шығарма оқыды. Кітапты оқығаннан кейін анализ жасайды. Олар өз пікірлерін газетте білдірсе, ғылымға жақын курсанттар ғылыми мақала жазып, осындай конференцияларға өздерінің жетекшілігімен бірге мақалаларын ұсынып жатады.
Ұлттық ұлан академиясында 2010 жылдан бері тәжікстандық жастар да білім алып келеді. Олар 4 жыл оқып, лейтенант шенін алып шығады. Жалпы, академия 6 елдің университеттерімен ынтымақтастық аясында тығыз жұмыс істейді.
АҚМАРАЛ СӘРКЕНҚЫЗЫ, ҚР ҰҰ академиясы тілдер дайындығы кафедрасының бастығы:
– Біздің кафедраның оқытушыларының көбісі Ресей елінде оқиды. Сол жақта олар ғылыми мақала шығарып жатыр. Мысалы, өз кафедрам туралды айтатыне болсам біз иновациялық әдіс тәсілдерді енгізу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін бізде ғылыми әдістемелік семинарлар өтеді. ЖОО-мен тығым қарым қатынаста жұмыс істейміз.
Қазіргі таңда Ұлттық ұлан академиясында 900-ге жуық курсант оқиды. Оларға 100-ге жуық оқытушы білім береді.
Гүлден Сембаева