Білім

Тәжірибе жинақтау

Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жастары Екатеринбург қаласындағы темір жол кәсіпорнында тәжірибе жинақтап қайтты. Білім қуып көрші елге барып келгендер – «Темір жолдың тартқыш жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығына оқып жүрген 4-ші курс студенттері. Барлығы – 10 адам. 2 айлық өндірістік тәжірибе кезінде болашақ мамандарға кәдімгідей жалақы төленген. Тәжірибе алмасу оқу орындары арасындағы әріптестік аясында жүзеге асып отыр.

АЛЕНА ГЛУМОВА, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің бөлім басшысы:

– Академиялық ұтқырлық аясында әлеуметтік серіктестік сәтті өтті. Сәуірде олардың тәжірибе жинақтауы жалғасады. Тәжірибе жинақтаудың бірінші кезеңінен өткен жастар “5-разрядты вагондарды тексеруші-жөндеуші” жұмыс біліктілігі куәлігін алды.

 

Гүлден Сембаева