СҚО әкімдігіҚоғам

Облыс әкімі этномәдени бірлестік өкілдерін Көрісу күнімен құттықтады

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Достық үйіне ат ізін салып, этномәдени бірлестік өкілдерін Көрісу күнімен құттықтады. Мұнда ізгі тілектер айтылды.

Қазақтың жері қандай кең болса, көңілі де дәл сондай. Өңірімізді түрлі ұлт өкілі мекен етеді. Көрісу күніне орай олардың әрқайсысы ұлттық киімдерін киіпті. Қыстан аман шығып, есендік сұрасқан төрдегі азамат-азаматшалармен аймақ басшысы қол алысып, жылы лебізін білдірді.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Келе жатқан Наурызбен құттықтаймын. Қазір қасиетті Рамазан айы болып жатыр. Ораза қабыл, мереке құтты болсын! Еліміз өркендей берсін.

Ассамблея мен этномәдени бірлестіктер – қоғамның ұйытқысы. Олар әр мерекеде бас біріктіреді. Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күнінде орталықтар жастардың басын қосуды жөн көріпті.

ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:

– Ассамблеяда Ақсақалдар кеңесі бар. Бүгін жастарға үлкендер бата берді. Көрісу күніне орай бірлестіктер көрме ұйымдастырды. Ұлттық тағамдар әзірленді.

Амал мерекесіне орай жайылған дастарханда әр ұлттың тағамы көзге түседі. Кездесу соңында жиналғандар дәмнен ауыз тиді.

 

Байболат Құлтанов