Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Президентке сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды. Асламбек Мерғалиев хабарлағандай, аналитикалық блок күшейтіліп, Жоғарғы соттың барлық нормативтік қаулыларының үшінші бөлігі түзетілді.

Тергеу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейі артты, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тарту үлесі артты, сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істердің саны және бітімгершілік келісіммен аяқталған азаматтық даулардың үлесі өсуде.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот реформасын ілгерілету туралы ақпарат ұсынылды. Президент соттардың құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ сот жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.