Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойды

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов 2023 жылы және осы жылдың қаңтар-ақпан айларында ақша–кредит саясатын іске асыру қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы есеп берді.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың дамуы, инфляция динамикасы және оны тұрақтандыру шаралары туралы хабардар етті:

жылдық инфляцияның баяулауы және бұл ретте Экономика ішінде сақталып отырған проинфляциялық факторлар туралы баяндады; БЖЗҚ активтері мен алтын — валюта резервтерінің жай-күйі, “Ұлттық қор-балаларға”бағдарламасын іске асыру туралы хабарлады;

мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы, сондай-ақ ұлттық төлем жүйесін дамыту және ашық банкинг қағидаттарын енгізу жөніндегі жобаларды іске асыру туралы айтты;

клиенттердің қаражатын алаяқтықтан қорғау үшін антифрод-орталық құру және Мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік шығыстардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану туралы ақпарат ұсынды.