Абайлаңыз, жолда – елік! Өңірде еліктің қаптағаны белгілі. Түз тағыларының елді мекенге жақындап, жолда жүретіндері таңсық емес қазір. Сол себепті, күндіз болсын, түнде болсын рөлдегі адам аса абай болуы қажет. «Есіл-Петропавл» бағытында түнделетіп келе жатқан “Нива” көлігі жолға кенеттен шыға келген елікке соғыла жаздаған. Машинада жүргізушіден бөлек тағы 2 жолаушы болған. Ресейлік азамат рөлге ие бола алмай кюветке түсіп кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікке механикалық зақым келген, елік өз жөнімен кеткен. Жолаушыларға “102” арнасы арқылы шақырту алған тәртіп сақшылары көмектескен. Жалпы, облыста жыл басынан бері 40 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алды.
Мәдина Қаби