Құқық қорғау органдары

Мемлекеттің миллиондары желге ұшпады

Мемлекеттің миллиондары желге ұшпады! Солтүстік Қазақстан облысының прокурорларымен бірнеше мемлекеттік сатып алу тоқтатылды. Тимирязев ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары заңға сәйкес келмейтін конкурстық құжаттама бойынша жалпы сомасы 1,1 млрд теңге болатын қазандық құрылысына мемлекеттік сатып алулар жүргізген. Салдарынан бұл жағдайлар басқа әлеуетті жеткізушілердің құқықтарын шектеуге әкелген. Ал Қызылжар аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мүгедектердің және жүріп-тұруы шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларынсыз 319,3 млн теңге сомасына Якорь ауылындағы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алулар жүргізген. Қадағалау органының актілері бойынша тиісті рәсімдер жойылып, кінәлі адамдарды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

 

Байболат Құлтанов