Құқық қорғау органдары

Үйінде 2 қап марихуана сақтаған ауыл тұрғыны ұсталды

Аққайың ауданында ауыл тұрғынының үйінен 2 қап марихуана тәркіленді. Ұсталған адам 55 жаста. Маскүнем ретінде есепте тұрған ер адам нашаны асүйдегі газ плитасының артына жасырған. Табылған дүниенің жалпы салмағы 8 келі 910 грамды құрады. Ұсталғанның азаматтың айтуынша, ол улы шөпті ішімдіктің орнына пайдаланғысы келген. Аталған факті ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 60-қа жуық құқық бұзушылық анықталып, 15 келіге жуық наша тәркіленіп алынған.

 

Мәдина Қаби