МТРА жаңалықтарыҚоғам

СҚО-да Халықаралық әйелдер күнінде 15 бала дүние есігін ашты

Облыста айтулы мереке күні 15 бала дүниеге келді. Наурыздың 8-інде жарық дүние есігін ашқан сәбилердің 8-і – ұл, қалғаны – қыз бала. Нәрестелердің 11-і – петропавлдықтар, қалғаны – аудандық ұл-қыздар. Айта кету қажет, мереке күндеріне қарамастан облыстық перзентханада жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыс істеді. Аналардың кейбірі үйлеріне жіберілген, ал денсаулығында ақауы бар жандар әзірге ақхалаттылардың қарауында.

 

Гүлден Сембаева