Денсаулық сақтау

Өңірде жалған екпе қою фактілері анықталды

Жаға ұстатарлық жағдай! Өңір прокурорлары облыстық денсаулық сақтау мекемелерін тексере келе медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Толығырақ тоқталайық. Аймақта қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған вакцинаның 70-тен астам фактісі тіркелді. Ал қалалық емханалардың бірінде медицина қызметкерлері ресми құжатты бұрмалаған. Осыған байланысты полиция тергеп-тексеруді бастады. Сонымен қатар, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасынан 1,8 мың доза көлемінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен екпе табылды. Оның жалпы құны 7,8 млн теңгені құрайды.

 

Байболат Құлтанов