Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен үкіметаралық гранттар жөніндегі қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті

Ведомствода хабарлағандай, қорытынды комиссияның шешімімен 326 қазақстандық ҚХР жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды.

“Білім беру гранттарын беру туралы түпкілікті шешімді қытай тарапы қабылдайды. Грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайынғы стипендия төленеді. Оқыту ағылшын немесе қытай тілдерінде өтеді”, – деп түсіндірді министрлік.

Ұсынылған үміткерлердің тізімімен “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ сайтында танысуға болады bolashak.gov.kz.