Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Республикасының  материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеті ұсынған жоба алғаш рет ЮНЕСКО халықаралық қорынан қаражат алды

ЮНЕСКО бюросының отырысы барысында ЮНЕСКО қорының қаражатынан халықаралық көмек тетігі шеңберінде жобаларды қаржыландыруға арналған төрт өтінім қаралып, қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, Қазақстанға Ұлттық комитет бірлесіп уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізбесін одан әрі жаңартуды дайындауға 99 600 доллар бөлінді.

Бұдан басқа, қаражат елдің бес өңіріндегі жергілікті қоғамдастықтар үшін материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы Конвенцияны іске асыру саласындағы әлеуетті арттыруға бағытталатын болады.