46 жастағы Дәнияш Дондог – алтын құрсақты ана. Биылғы жылдың 4 наурызында жетінші баласын дүниеге әкелді. Көпбалалы ананың 3 қыз бен 3 ұлы бар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мерекемен құттықтап перинаталды орталыққа келді.
– Мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулық тілеймін өздеріңізге! Аман болыңыздар! Міне осындай сертификат жүз мыңға. Үш батырыңыз бар ғой?
– Иә үш батырым, тағы кестетігер төртеуім бар.
– Тамаша әр баланың орны ерекше ғой!
Тайынша ауданы Чкалов ауылының тұрғыны бүгін үйіне оралады. 14 жылдан кейін туған қызының есімін Ләйлім деп қойған екен. Шақалақтың салмағы – 4 келі 340 грамм. Бойы – 54 см. Дәнияш Дондогтың айтуынша әулеттерінде көпбалалы ана көп. Ағасының да 8 баласы бар.
ДӘНИЯШ ДОНДОГ, көпбалалы ана:
– Дәрігерлерге мың да бір рахмет. Жүктілік кезінде де, жеңілдегеннен кейін де өте жақсы қарады. Сол кісілерге алғысым шексіз! Көпбалалы болғым келді. Өзімнің үлкен ағамда 8 баласы бар. Бәріміз – көпбалалы отбасымыз.
Енді аяулы ана мерекені үйінде өз отбасымен қарсы алады. Еске сала кетейік, бүгінде облыста 5 мыңға жуық көпбалалы ана бар.
“Қызылжар” телеарнасы