Қоғам

Тосын сый

Өзіңе ме әлде анаңа ма? Қос қораптың ішінде белгісіз тосын сый жатыр. Яғни, қызылдағы – анаңа, жасылдағы – өзіңе. Кезекті акция орталық алаңда өтті. Шараны облыстық жастар орталығының белсенділері Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырып жатыр. Тұрғындардың көбісі қызыл қорапшаны таңдауда. Сыйлықты алған кезде өз таңданыстарын жасырмады.

– Мен негізі эмоционалды адаммын. Мынау күтпеген сый болды. Мен қызыл қорапшаны таңдадым. Сыйлықты анама апарып беремін.
– Мектептен шығып анамның жұмысына бара жатырмын. Сыйлық анама ұнайды деген ойдамын.
– Көшеде жүріп бара жатып ойда-жоқта сыйлық алған күшті екен. Бірден көңілің көтеріледі. Өзіміз Ресейден келдік.

Нәзікжандыларға арналған қорапшада бет күтіміне арналған дүниелер болса, өзгесінде – тәттілер. Белсенділер қала тұрғындарына 30-ға жуық сыйлық таратпақ.

ЖҰЛДЫЗ ТОҚТАРҒАЗЫ, қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

– Наурыз деген – жылулықтың, сүйкімділіктің, махаббаттың, әсіресе, аналар мерекесінің символы. Біздің мақсатымыз – адамдар бір-біріне жылулық сыйласа екен деген ниетпен ұйымдастырып отырмыз. Келе жатқан Наурыз мейрамы бар, ол кезде де акция ұйымдастырамыз.

Қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары орталық алаңнан кейін тосын сыймен ойын-сауық орталығын аралап кетті.

 

Гүлден Сембаева