Ақпан айының соңында Филиппин мемлекетінде су спорты түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты өткен болатын. Додаға 3 солтүстікқазақстандық барып қайтты. Соның біреуі – Егор Василенко. Су жарысында ол екі бірдей күміс еншіледі.
ЕГОР ВАСИЛЕНКО, Азия чемпионатының күміс жүлдегері:
– Мен 16 және 17 жас шамасындағы спортшылардың арасында бақ сынадым. Еркін стильде өткен 100 және 200 метрлік эстафетада екінші болып келдім. Екінші орын алудың өзі оңай болған жоқ. Спортшылардың барлығы мықты екен.
Азия чемпионатынан оралған жүзгіштерге «Дельфин» спорт мектебінде туған-туыстары мен жас спортшылар құрмет көрсетті.
Жалпы, дүбірлі додаға 45 мемлекеттен 800-ге тарта спортшы қатысқан.
Спорт мектебінің әдіскері Евгения Николаеваның айтуынша Петропавлда суда жүзу бағытында бұндай нәтиже 2015 жылдан бері болмаған екен.
ЕВГЕНИЯ НИКОЛАЕВА, “Дельфин” су спорты түрлері олимпиадалық резервінің БЖСМ әдіскері:
– Біз үшін бұл – зор жетістік. Оқушыларымыз осындай мықты спортшыларға қарап бой түзесе екен дейміз. Шәкірттеріміздің жетістіктері көп болсын.
Қазір “Дельфин” спорт мектебінде 300-ге жуық бала суда жүзу спортымен шұғылданып жүр.
Мәдина Қаби