Қоғам

Бюджеттен 258 млн теңге жымқырған депутат ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Павел Булаев 2 жыл ішінде 258 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Ол еншілес кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасасу арқылы бюджет қаражатына қол сұққан. Бұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары растап отыр. Бірнеше жылдан бері қалалық әкімдікке қарасты “Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар” мекемесін басқарып, сонымен қатар, облыс мәслихатында депутаттық мандаты бар Павел Булаев ұсталды. Ол бір мандатты 13-ші аумақтық сайлау округі бойынша “Ақ жол” партиясынан сайланған еді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Гүлден Сембаева