Білім

Биыл Петропавлдағы 6 мектеп күрделі жөндеу көреді

Облыс әкімі облыс орталығын аралау кезінде Жұмысшы кентінде орналасқан мектептерге барды. Жуырда Ғауез Нұрмұхамбетов
журналистермен кездескені мәлім. Сол жиында кенттегі оқу орындарының аумағын абаттандыру, жайлы демалыс орындарын құру мәселесі көтерілді. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Былтыр 31 мектептің шатыры жөнделді. Биыл 42 мектепте күрделі жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар, білім ошағының аумағында тұрғындарға арналған көше тренажерлары, ойын және спорт алаңы орнатылады. 27 мектеп жанына футбол алаңы мен хоккей алаңы қойылып, ғимараттың қасбеті де жаңартылады. Жалпы, биыл облыс орталығындағы 6 нысан күрделі жөндеу көрмек.

 

Байболат Құлтанов