Құқық қорғау органдары

Өткен жылы солтүстікқазақстандық криминалистер үш мыңнан астам зерттеу жүргізген

Өңірдің криминалистика саласында заманауи құрал-жабдықтар мен соны әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Мамандар адамды биометриялық сәйкестендірудің жаңа жүйесімен жұмыс істейді. Бұл жүйенің интерфейсі бұрын қолданылып келген «Папилон» жүйесіне қарағанда жаңа әрі жылдамдығы жоғары. Криминалистер өткен жылы 3 мыңнан астам зерттеу жүргізген. Саусақ пен қол іздерін анықтау жұмысы 119 қылмысты ашуға септескен. Криминалистикалық есептерді пайдалана отырып, қылмыс жасауда күдікті 500-ден астам тұлға анықталды. Криминалистердің кәсіби мерекесіне орай облыстық департаментте жиын өтіп, білікті мамандар алғыс хатпен марапатталды.
Ведомство бастығының орынбасары Еңбек Сембин: “Заңдылықты нығайтуда криминалистиканың маңызы жылдан-жылға артып келеді”,- деді.