Қазақстан жаңалықтары

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды

“Ғылым және технологиялық саясат туралы” заң жобасы аясында бүгінгі таңда Министрлік Қазақстандағы ғалымдардың әлеуметтік деңгейін арттыруға ықпал ететін шаралар қабылдауда. Соның бірі — жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жыл сайын гранттар, оның ішінде жас ғалымдарға арналған гранттар бөлу”, – деп хабарлады министрлік.

Сонымен қатар, министрлік пен “Отбасы банк” АҚ арасындағы 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде 80 жас ғалым баспана алды.