Қоғам

Қайырлы Едіресов өмірден өтті

78 жасына қараған шағында еңбек ардагері, облысымыздың Құрметті азаматы Қайырлы Едіресов өмірден озды. Есіл ауданы Орталық ауылының тумасы еңбек жолын Николаев орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып бастаған. Жастайынан өңірдің қоғамдық және саяси өміріне белсене ат салысты. 17 жыл Есіл ауыл шаруашылық колледжін басқарып, білім ордасын дамытуға орасан зор үлес қосты. 2008-2016 жылдары облыстық мәслихаттың хатшысы болды. Еңбегі еленбей қалмады. Қайырлы Едіресұлы “ҚР ағарту үздігі” төсбелгісімен, “Құрмет” ордені және басқа да медальдармен марапатталды.

 

Ақжүніс Мұқатай