– Боль, такая… – Это не боль, это страхи и зажимы, которые находятся внутри вас.
Бұл – әйелдерге арналған тренинг. Шен таққан әйелдерге. Қоғам тыныштығын қамтамасыз етуде тер төгіп жүрген қыз-келіншектердің жұмысы оңай емес екені белгілі. Кәсіби қызметің бір бөлек, үйдегі шаруа да жетіп артылады. Екі жерде де жетістікке жетуде жан тыныштығының алатын орны өлшеусіз.
ЕКАТЕРИНА БУДАНОВА, СҚО ПД ППБ инспектор-психологы:
– Мұндай тренингтің пайдасы мол. Шарадан кейін бір жеңілдеп қаласың. Мұнда қолданылатын сырласу, түрлі терапия өкпе-реніштен құтылуға, өзіңді тыңдауға, күйзелістен арылуға ықпал етеді, өзіңді бағалауға, өзіңе күтіммен қарауға үйретеді.
Би, аутотренинг, шеге терапиясымен бірге ұйымдастырылған шара “Жан үйлесімі” деген атаумен 8 Наурызға орай ұйымдастырылды.
Гүлден Сембаева