Бір ел – бір уақыт. Жыл басынан бері ел аузында жүрген мәселе ақыры жүзеге асты. Қыстың соңғы күнінен көктемнің алғашқы жұлдызына қараған түні бірыңғай уақыт белдеуі енгізілді. Түнгі сағат 12-де республиканың 15 өңірі сағат тілін 60 минутқа шегерді. Жалпы, бұл бастама уақытты есептеу мәселелері жөніндегі арнайы жұмыс тобына кірген ел ғалымдары мен сарапшыларына тиесілі.
БОЛАТ НҰРХОЖАЕВ, қолданбалы хронобиология маманы:
– Мен бұл мәселемен 10 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Ғылыми консенсусқа сәйкес, адам денсаулығы үшін күн сәулесіне, яғни табиғи уақытқа мүмкіндігінше жақынтұрақты уақыт белдеулерін қолданған дұрыс. Ғылыми-зерттеу институттары мен менің әріптестерім ұсынған бүкіл Қазақстан бойынша UTS+5 бірыңғай уақытына көшу бұрын ұсынылған барлық нұсқалардың ішіндегі ең оңтайлысы.
Осыған дейін халықты түрлі сауалдар мазалап келген еді. Уақытты кейінге шегерсек, күн әдеттегіден ерте атып, ұйқыдан бір сағат ерте тұрамыз ба деген сұрақтар көбейді. Ал мамандар керісінше бір сағат кеш тұрамыз деген тұжырымға келіп отыр. Бұл туралы теріскейлік жұрт не ойлайды екен.
– Бүгін сәл шатасып, ауруханаға кешігіп қалдым. Аса бір өзгеріс байқамадым. Бірнеше күннен кейін үйреніп кетеміз.
– Мен өмірге келгелі мұндайды бірнеше рет байқағанмын. Кеңес Үкіметі кезінде де болған. Біресе бір сағатқа шегереді немесе керісінше.
– Ұйқым қанған сияқты. Аса бір өзгеріс байқамадым. Бірақ қызық құбылыс. Ұйқымыз 1 сағатқа ұзарады.
Елде орын алып жатқан оқиға жайлы барлығы біледі. Десек те, арасында өзгерістен мүлдем бейхабар тұрғындар да бар екен. Осы тұста айта кетейік, уақыт белдеуінің өзгеруі адам ағзасына ерекше әсерін тигізбейді. Психоэмоционалды фактор десек болады. Адам 2-3 күн ішінде бейімделіп кетеді.
Ақжүніс Мұқатай