Мәдениет

Қайырымдылық спектаклі

Алғыс айту күніне арналған айрықша шара. Облыстық қуыршақ театрында қайырымдылық спектаклі қойылды. Ұжым кішкентай көрермендерін бауырсақпен қарсы алды.

«Дед, баба и курочка ряба». Спектакль кішкентай көрерменге араға 30 жыл салып ұсынылып отыр. Қоюшы-режиссері Андрей Мелентьев Екатеринбург қаласынан арнайы келген.

АНДРЕЙ МЕЛЕНТЬЕВ, қоюшы-режиссер, РФ:

– Мен осы театр ұжымымен жұмыс істеп келе жатқаныма біраз болды. Қойылымды қоюға бір ай дайындалдық. Актерлер рөлдерін жақсы сомдап жатыр.

АЙБОЛ ҚАСЫМ, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– Бұл қойылымның тарихы біздің театрмен тығыз байланысты десек болады. Өйткені, театр ашылған жылы қойылым театрда алғаш рет қойылды. Одан кейін 30 жыл араға салып, осы жылы спектакльді қайтадан қоюды жөн көрдік. Келген қонақтарымыз – 1,2-ші мектеп-интернатының оқушылары. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан аранайы балаларды алдырттық.

 

Мәдина Қаби