Ауыл шаруашылығы

Егін егетін техника тексеріліп жатыр

Көктемнің бір күні – жылға азық. Осы қағиданы берік ұстанған диқаншылар егіс науқанына қамдануда. Қалай күннің райы бері қарайды, солай көктемгі далалық жұмыстар басталады. «Петерфельд-Агро» серіктестігінің мамандары техникаларын тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін тексерістен өткізіп, жөндеу жүргізуде.

БІЛІМ МҰҚАТАЕВ, «Петерфельд-Агро» ЖШС агрономы, Қызылжар ауданы:

– Ылғалды тоқтатуға – бәріне дайынбыз. 8 К-700, 14 МТЗ шығады. Біз бидай, арпа егеміз. Былтыр егін жақсы жиналды. Биылғы жылы одан да жақсы аламыз деп ойлаймын.

Дайындық қыстың басынан бері бастау алған. Ауыр техникаларды жөндеу жұмыстыры бітіп, енді тек жеңіл жұмыстар қалған. Агроқұрылымның ашылғанына – 18 жыл. Корней Шевченко «Петерфельд-Агро»серіктестігінде агроном болып жұмыс істейді. Жыл сайын агроқұрылым 5 мыңға жуық гектарға егін егеді.

Корней Шевченко, «Петерфельд-Агро» ЖШС бас агрономы, Қызылжар ауданы:

– Біз техниканы жыл сайын жаңартамыз. Өткен жылы жаңа пресс, қопсытқыштар мен тырнауыштар пайда болды. Сұйық тыңайтқыштар шашатын техника сатып алдық.

Облыста биылғы егіс науқанында 13 мыңға жуық трактор, 14 мың дән сепкіш, 1,5 мың заманауи егіс кешені пайдаланылады. Облыста егіс алқабына шығатын техниканың 90 пайызы дайын тұр. Диқандарға мемлекеттен 53 мың тоннадан астам дизельдік отын бөлінді.

 

Гүлден Сембаева