Қоғам

Бүгін өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды

Мемлекеттік қызметке іріктеу ашық деп жарияланды. Бүгін өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды. Іріктеуге жоғары білімі мен кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Міндетті түрде мемлекеттік тілді білу қажет. Қатысушылар айдың соңына дейін onir.pkrezerv.kz платформасында онлайн түрде жеке деректерді көрсету арқылы ұсыныс тастай алады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады.

ӘНУАР ТОҚПАН, сарапшы:

– Қорытындысы маусымның аяғында шығады. Оған дейін 1 ай бойы өтініш береді. Одан кейін заңдар бойынша және жеке қасиеттері бойынша тестілеу тапсырады. Соңында комиссия осы өңірден 15 азаматты қабылдайды. 15 азамат кадрлық резервке өтсе, 2 жыл резервте тұрады.

 

Мәдина Қаби