Қоғам

Бала мейірімділігі

Алғыс айту күнінде петропавлдық 6-шы сынып оқушысы Тайыр Аманжол да алғыс естіді. Ол көшеде біреудің телефонын тауып алған екен. Ұялы байланыс құралының қуаты таусылып, өшіп қалған. Тәртіп сақшысының баласы әкесімен бірге іздей келе мүліктің иесі – Добрыня есімді құрдасы екенін анықтайды. Телефон иесіне қайтарылды, іздеген жоғын тапқан бала алғысын жаудырып, жақсылық жасаған оқушы өз ісіне риза болды.

Добрыня Шенкнехт, оқушы:

– Үйге келіп, анама телефонымды жоғалтып алғанымды айттым. Оны бірден іздей бастадық. Жоғалған жерге барып та қарадық. Біреу тауып алып, жауап берер деген оймен телефоныма хабарласып та көрдім.

Тайыр Аманжол, оқушы:

– Телефонын жоғалтып алған баланың мұғалімі хабарласты. Ол – музыка пәнінің мұғалімі екен. Оқушысы Пушкин көшесінде телефонын түсіріп алғанын айттым.