Қоғам

Алғыс айту күнінде петропавлдықтар жақындарына қоңырау шалды

Қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған кезекті шара! Алғыс айту күнінде петропавлдықтар жақындарына қоңырау шалды.

Акция Қазақстан Конституциясы көшесі бойында өтті. Шараның шарты бойынша орталық өкілдері тұрғындарды тоқтатып, жақындарына, достарына қоңырау шалуды, жылы лебіздерін білдіруді сұрады. Бұл өтінішпен көбі келісті. Мұндай жандар құрқол қалмады. Оларға қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері тәтті мен естелік ретінде сыйлықтар таратты.

ДАМИР АБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Алғыс айту күніне орай осындай шара өткізуді жөн көрдік. Біздің мақсатымыз – бұл мерекені насихаттау әрі адамдарды бір-біріне жақындастыра түсу. Акция аясында 90 адамға сыйлық пен 100-ге жуық тәтті таратылады. Шара шамамен 2 сағатқа созылмақ.

 

Гүлден Сембаева