ҚР Цифрлық даму министрлігі “Жаңа ХҚКО” деп аталатын тұжырымдаманы енгізуде. Биыл солтүстік өңірде екі халыққа қызмет көрсету орталығы осы форматта іске қосылған. Алғашқысы Петропавл қаласында болса, екіншісі Бескөл ауылында жұмыс істеп тұр. Петропавлдағы орталықтың іші де өзгеріп, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген.
ЕРКІН ЖҰМАБАЙ, “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ филиалының директоры:
– Бізде жылдамдық аймағы бар. Мұнда жылдам қызметтер жасалады, мысалы, тіркелу, минуттық бизнес, көп уақытты қажет етпейді. Жайлылық аймағына қосымша назар, табандылық, уақытты қажет ететін мемлекеттік қызметтер кіреді. Әлеуметтік қызмет көрсету аймағы да бар. Онда адамдар зейнеткерлікке, жәрдемақыға ресімделеді. Сондай-ақ, байланыс аймағы, connection point бар, клиенттер біздің кеңесшінің көмегімен осы немесе басқа қызметті электрондық форматта алады.
Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысу үшін облыс әкімі келді. Орталықты аралап, мекеменің жұмысымен танысқан Ғауез Нұрмұхамбетов цифрландыру саласында қосымша күш салу қажеттігін атап өтті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Облыста 6 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 98-ден астамы электронды форматта жүзеге асырылады. Ал ХҚКО 182 қызмет көрсетеді. Бұл аз көрсеткіш. Электронды қызметтің санын арттыру үшін қандай да бір шараларды қолға алу керек. Себебі, бүгінде барлық ақпарат компьютер мен телефонда. Бұл – халық үшін ең ыңғайлы тәсіл.
Облыс бойынша халыққа қызмет көрсету ортылығында – 763, ал Петропавлда 57 қызметкер бар. Ержан Қапаров облыс орталығындағы мекемеде бес жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Жергілікті университетте заңгер мамандығы бойынша білім алған 24 жастағы жігіт бас маман қызметін атқарады. Жас маман жұмыста барлық жағдай жасалғанын айтады.
ЕРЖАН ҚАПАРОВ, “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ филиалының бас маманы:
– Біздің мекемеде 50 пайызға жалақы көтерілді. Үкімет қазір біздің центральный аппаратпен шешім қабылдап жатыр. Осы жылдан келесі жылға дейін кезекке тұруға болады. Қазіргі кезде адамдармен жұмыс істеу ыңғайлы болды. Көптеген анықтамалар электронды түрде беріледі. Сол себепті, қазіргі кезде ыңғайлы жұмыс істеуге болады. Қазіргі кезде жалақымыз және графиктеріміз ыңғайлы болды.
Жұмыс сапары барысында Ғауез Нұрмұхамбетов Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілермен сөйлесті. Олардың айтуынша, ұйым қызметкерлері барлық кезеңдерді қолжетімді түрде түсіндіре отырып, өз жұмыстарын өте жақсы орындайды.
– Прописаться? Вы откуда приехали?
– Мы купили просто квартиру и теперь прописываемся.
– Только подошли, наверное? Все объясняют, показывают?
– Да, все прекрасно, молодцы.
– Удачи Вам, всего доброго.
Орталыққа келушілер ХҚКО-ның жұмысы туралы оң пікірде. Тұрғындар қызметкерлер жұмысының жеделдігі мен үйлесімділігін атап өтті.
– Получили ЭЦП, ребята со всем помогли, все подсказали, все хорошо. Все быстро, очереди не было, быстро справляются с работой.
– Впечатления хорошие. На ресепшене молодой человек все объяснил, все показал, сказал куда идти.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап АХАТ қызметінің функциялары берілген. Айта кетейік, аталмыш орталық күніне мыңнан астам адам қабылдайды.
“Первый Северный” телеарнасы