Қоғам

Ертең еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді

Ертең еліміздің 15 өңірінде тұратын отандастарымыз сағат тілін бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, қазіргі уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ритмдер мен адам денсаулығына кері әсер етеді. Осы мәселені кешенді пысықтау мақсатында сауда және интеграция министрлігі жанынан тиісті жұмыс тобы құрылғанын қоса кету керек.