Петропавлда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. Оның аясында облыс және қала әкімі, атқарушы, сот және құқық қорғау органдарының басшылары, қаржы институттары мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері жұртшылықпен кездесті. Өңір жетекшісімен 40-қа жуық адам тілдесуге жазылған. Ғауез Нұрмұхамбетов әр тұрғынның өтініші мен ұсынысын тыңдады. Жамбылдық Александр Фролов соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштің қалыпқа келтірілгенін және із-түссіз кеткен сарбаздар жайлы деректер табылғанын қалайды. Облыс әкімі жерлесіміздің бұйымтайына қолдау білдіріп, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына және Жамбыл ауданының әкіміне телефон арқылы тапсырма берді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Майдангерлер жайлы деректерді іздеу – біздің мәселе, ал ескерткішті қайта қалыпқа келтіру – сіздерге жүктелетін міндет. Жасалған жұмыстың суретін жолдаңыздар. Сонымен қатар, бұл істі бір ғана ауылда емес, тұтас аудан көлемінде тындыру керек.
Байболат Құлтанов