Құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында бастау алған спартакиада аясындағы бірінші жарыс шаңғы тебуден өтті.
Борки кентіне 10 команда жиналып, өзара мықтыны анықтады. Спорттық жиында сөз сөйлеген спорт ардагері Бауыржан Құлжанов өңірде спорттың даму қарқынына тоқталды.
БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, «Динамо» ДШСҚ құрметті ардагері:
– Бізді – ардагерлерді қуантатыны – облысымызда, туған жерімізде спорт жылдан жылға дамып жатыр, аудандарда, ауылдарда спорт кешендері салынып жатыр, «Динамо» спорт қоғамы да дамып жатыр. Әрқашанда ұрпақтарымызды ойлаймыз, ұрпақтарымыз білімді, денсаулығы мықты, рухы биік болса, біздің Қазақстанымыздың болашағы зор болады деп ойлаймын.
Жарыс жолына бірінші болып қыз-келіншектер шықты. Нәзікжандылардың арасында президенттік көпсайыстан ҚР спорт шеберіне үміткер Лидия Логинова жүйрік атанды. Ал ерлер арасында Ілияс Жұманов үздік деп танылды. Командалық есепте ҰҚК шекара қызметі департаментінің қызметкерлері топ жарды.