Мәдениет

Біржан салдың шығармашылығы талқыланды

Біржан сал – қазақ ән-жырының шамшырағы. Осындай атаумен И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада әдеби-музыкалық кеш өтті. Жиында сал-серінің шығармаларына шолу жасалып, өлеңдері жан-жақты талқыланды. Ол – халық музыкасын жаңа белеске көтерген өнерпаздардың бірі әрі бірегейі. Көкшенің аспанын ғана емес, кең байтақ қазақ даласын ән-жырға бөлеген. Туындысында адамгершілік асыл қасиет пен ізгілік тақырыбын қозғаған.

АЛТЫНАЙ СЫЗДЫҚОВА, облыстық ҚХА журналистер клубының мүшесі:

– Бала кезінде Біржан ауыл молдасына барып білім алады екен. Біржанның балалық шағын Ахмет Жұбанов былай сипаттаған екен. “Біржан жасынан өзгеше мінезді, әуесқой, әңгімеге құмар, сезімтал болатын.

БІРЖАН ЕСЖАНОВ, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі ән бөлімінің көркемдік жетекшісі:

– Кәсіби деңгейде ән шығарып, оның сөзін жазып орындаған осы сал-серілер. Осы сал-серілердің алғашқы легінде Біржан атамызды атаймыз. Әрине, бұған дейінде сал-серілер болған.

 

Гүлден Сембаева