Спорт

Мектеп оқушылары арасында қысқы спартакиада өтіп жатыр

Петропавлда мектеп оқушылары арасында «Ақшақар» облыстық қысқы спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Додаға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген 14 құрама команда – мыңнан астам жас өрен қатыспақ. Бүгін спортшылар Борки кентінде шаңғыдан сынға түспек. Шара барысында еліміздің атын шығарып, абыройын асқақтатқан спорт ардагері Бауыржан Құлжановқа сөз берілді.

БАУЫРЖАН ҚҰЛЖАНОВ, облыстық күрес федерациясының вицепрезиденті:

– Өңірде көптеген спорт алаңдары салынып жатыр. Жуырда ғана облыс әкімі осы жерге келіп кетті.

Кейін алаңға «Ақшақар» облыстық қысқы спартакиадасының туы шығарылды. Сәлден соң спартакиаданың алауы жағылды. Бұл ерекше сәт спорт шебері, ҚР қысқы гимназиядасының чемпионы Станислав Лоссевқа бұйырды. Сонымен сайыс басталып кетті.
Қыздар шаңғымен 3 мың метрді еңсерсе, ұлдар 5 мың метрді бағындырмақ. 18-ші нөмірлі Анастасия Пичугинаның спортты жанына серік еткеніне 8 жыл болған.

АНАСТАСИЯ ПИЧУГИНА, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Мен 2-ші сыныптан бері шаңғы тебумен айналысамын. Кейін денсаулығыма байланысты біраз үзіліс алдым. Қазір қайта шұғылдана бастадым. Денсаулығымда кінарат болса да бұл спорты тастағым келмейді.

Анастасия Пичугина берілген шақырымды 15 минутта бағындырды. Айта кеткен жөн, додаға 2007-ші жылғы және одан да кіші оқушылар қатысуда.

ҚАНАТ СӘДУАҚАС, СҚО спорт, дене шынықтыру және АӘД өңірлік-әдістемелік орталығының директоры:

– Облыстық спартакиадаға 1300-дей оқушы қатысып отыр. Егер аудандық кезеңдердің бәрін қосатын болсақ 10 мыңнан астам оқушы қатысты. Жалпы, 10 спорт түрінен 11 жарыс өткізіледі. Оның ішінде кейбір жарыстар өткізілді. Бұл спартакиадалардың қорытындысы бойынша республикалық жарысқа балаларды жатықтырамыз.

Бүгін шаңғыдан бөлек тағы 3 спорттан жарыс өтеді. Қысқы спартакиада ақпанның 29-ына дейін жалғасады.

 

Гүлден Сембаева