Сенбі күні Бескөл ауылында ХХVІІІ “Солтүстік-2024” спорт мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Сайыс Қызылжар ауданына араға 13 жыл салып қайта келіп отыр. Жарыс салауатты өмір салтын ұстанатын 400 жерлесіміздің басын қосты. Спортшыларды дәстүрлі доданың ресми басталуымен облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев құттықтап, сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылар мерекеге тыңғылықты дайындалған. Қызылжарлықтар шара соңында қонақтар мен жергілікті тұрғындарға көздің жауын алар әрі тамаша әсер сыйлар отшашу ұсынды.
АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары:
– Ертең спорттың 4 түрі бойынша сайыстар өтеді. Олар: шаңғы жарысы, шорт-трек, шайбалы хоккей және футзал. Ауданға кіл мықтылар жиылды. Олар сықырлаған сары аязға қарамай нағыз бәсеке ұсынбақ. Әрқайсысына сәттілік тілейміз!
Байболат Құлтанов