Бір үйден 3 адамға ыс тиді. Оқиға кеше кешкі сағат 9 кезінде Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында болды. Аудандық ауруханаға жеңіл дәрежелі улану белгілерімен 92-ші жылғы келіншек пен оның 13 және 1 жасар ұлдары жеткізілді. Үшеуіне де тиісті ем-дом шаралары көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Адамдарға ыс тиюдің себебі – пештің мұржасы күйеге толғаны соншалық, бітеліп қалған, содан иіс ішке тараған. Бұл үйге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары өткен жылдың тамызында келіп, тұрғындарына қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіріп кеткен екен. Жалпы, жыл басынан бері облыста 4 адамға ыс тиген.
Мәдина Қаби