Құқық қорғау органдары

“Мал ұрысы” жедел-алдын алу шарасы

80-нен астам көлік, 30-ға жуық өткізу орны, 120-дан астам шаруа және фермерлік шаруашылық. Осы аталғанның бәрін полиция қызметкерлері ақпанның 21-інен бастап тексеріп шықты. Неге дейсіз ғой? Өйткені, мамандар “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
Шараға ветеринарлар да қатыстырылған. Саудаға әкелінген етті тексеру кезінде оның ілеспе құжаты болмай шықса, әкелген адамға әкімшілік жаза қолданылады.

Рахат Ғалиасқаров, СҚО ПД КПБ жедел уәкілі:

– Ұрланған ет өнімдерін сатуды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, мал ұрлығының алдын алу және ашу мақсатында биыл ақпанның 21-23 аралығында СҚ аумағында “Мал ұрысы” ЖПІШ өткізіледі.

Ветеринарлық бақылаудан өтпеген ет ұрланған болуы мүмкін әрі тазалығы дәлелденбесе адам денсаулығына да қаупі бар. 2 күн ішінде облыста осындай 17 факті анықталды. Өткен жылдардан қалған 2 мал ұрлығы ашылды. Мамандар рейдпен бірге түсіндіру шарасын жүргізіп жатыр.
Ауыл тұрғындарына малды қараусыз қалдырудың соңы соқпақты болуы мүмкін екендігі айтылды. Облыста әзірге жыл басынан бері мал ұрлығы тіркелген жоқ.