Қоғам

Қақаған қыста пеші жағылмаған үйде жаурап жатқан жерінен табылды

Өзі мас әрі пеші жағылмаған үйдің еденінде жатқан. Мамлют ауданында полиция қызметкерлері кезекті тексеріс кезінде 62 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Ішімдікке құмар жанның суық үйде қанша жатқаны белгісіз аяқ-қолын үсітіп алған. Үй иесі жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Тәртіп сақшылары тексеріспен келмеген жағдайда бұндай күйдегі ер адамның тірі қалуы екіталай еді дейді мамандар.