Өзі мас әрі пеші жағылмаған үйдің еденінде жатқан. Мамлют ауданында полиция қызметкерлері кезекті тексеріс кезінде 62 жастағы ер адамды құтқарып қалды. Ішімдікке құмар жанның суық үйде қанша жатқаны белгісіз аяқ-қолын үсітіп алған. Үй иесі жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Тәртіп сақшылары тексеріспен келмеген жағдайда бұндай күйдегі ер адамның тірі қалуы екіталай еді дейді мамандар.