Қоғам

Жүргізуші куәлігін алу қиындады

Жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті. Мамандар теориялық тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен технологияның көмегімен бақылайтын болды. Әр үшінші тест тапсырушы теорияның бір бөлігін микроқұлақ қолдану арқылы тапсыруға талпынады екен. Енді арнайы детектор тест тапсырушы адамның сырттан біреудің көмегін пайдаланып жатқандығын бірден сезіп қалады екен.
Бұндай жайт тіркелген жағдайда емтихан нәтижесі түгелімен жойылады. Ал оны қайта тапсыру үшін 3 ай қажет. Жүйе енгізілгелі емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 200-ден астам фактісі әшкере болған.

 

Гүлден Сембаева