Қоғам

Жәрдемақыны өтініш бермей-ақ алуға болады

Былтыр 333 мыңнан астам адам өтініш берместен жәрдемақы немесе төлем алды. Отбасының цифрлық картасы арқылы 840 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды деп хабарлайды Aikyn.kz. Сонымен қатар, 64,6 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алды. Бүгінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. Қазіргі уақытта ОЦК арқылы өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін рәсімдеуге мүмкіндік бар.

 

Гүлден Сембаева