Құқық қорғау органдары

Қарындасын ұрып-соққан ер адам жауапкершілікке тартылды

Туған ағасы қарындасын ұрып келген. Бұл факті былтыр әшкере болды. Ағалы-қарындас жандар мен аналары бір үйде тұрған.
Мүгедектігі бар 37 жастағы әйел адам 39-дағы ағасының ұрып-соғатынын анасының өтініші бойынша ешкімге айтпай келген.
Ақыры соныңда нәзікжанды дене жарақаттарымен ауруханаға жүгінген. Дәрігерлер бұл туралы бірден полицейлерге хабарлайды. Әйел адамның ағасы ҚР ӘҚБтК 73-1 бабы – “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” бойынша жауапкершлікке тартылды.

Әсем Ілиясова, қалалық ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы:

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйел уақытша баспанамен қамтылды. Қаңтар айының соңында ол маған телефон арқылы хабарласып, өмірінің жақсы жаққа өзгергенін, басқа қалада жұмысқа орналасқанын айтты.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қызмет ішкі істер органдарында осыдан 25 жыл бұрын пайда болды. Бейінді инспекторлар отбасындағы жанжалқойларды жауапкершілікке тартып, зәбір көрген жандарға пана табуға көмектеседі.

ӘСЕМ ІЛИЯСОВА, қалалық ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы:

– Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобында екі жылдан бері қызмет етіп келемін. Осы уақыт ішінде мен 13 нәзікжандыға көмектестім.

Петропавлда бүгінде 200-ге жуық адам зорлық-зомбылыққа бейім адамдардың есебінде тұр.

 

Гүлден Сембаева