Мәдениет

Әйтеке бидің дүниеге келгеніне – 380 жыл

Қазыбек, Төле және Әйтеке. Бұл үшеуі әрбірімізге мектеп қабырғасынан таныс. Соңғы аталған тұлғаның өмірге келгеніне биыл – 380 жыл. Осыған орай Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Онымен мектеп оқушылары мен колледж студенттері танысты. Шара барысында құрметті қонақтар сөз алып, тарихқа шолу жасады. Әскери академик Жанбатыр Сартаев Әйтеке бидің жеке қасиеттеріне де тоқталды.

ЖАНБАТЫР САРТАЕВ, ҚР әскери академигі, профессор:

– Әйтеке бидің қасиеті – жанжалдарды шешу білуі. Сөзге бай болған. Адамды түсінген, болашағын топшылаған. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. Ал Әйтеке бидің туған жылы – 1644 жыл. Би осы ұрыстар жайлы көп дерек жазған.

Біреу білсе, біреу білмес, Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүрген. Атақты “Жеті жарғының” жазылуына көп үлес қосқан. Осы жайлы көрмеде кеңінен айтылды.

ДАМИРА ЖҮСІПОВА, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының бөлім жетекшісі:

– Шараның мақсаты – Әйтеке бидің даналық, шешендік сөздерін жас ұрпаққа насихаттау және оқырмандардың Әйтеке бидің тағылымына, ұлағатына деген қызығушылығын арттыру. 00.40-00:48 Әйтеке би шешендігінің, ақылдығының арқасында халықтың ықыласына бөленген.

Кітапсүйер, тарихсүйер қауым үшін көрме жылдың соңына дейін тұрады. Мамандар жұмыс күнінің кез келген уақытында қонақтарды қабылдап, деректермен бөлісуге әзір.

 

Мәдина Қаби